Дәрігерлер кетчуптың зияны туралы ескертті

/
Дәрігерлер кетчуптың зияны туралы ескертті
сурет: istockphoto.com

Дәрігерлер кетчупты жиі тұтыну артық салмақ пен тамаққа тәуелділік қаупін арттыруы мүмкін екенін ескертті. Диетолог Наталья Павлюктің айтуынша, дүкендегі көптеген кетчуп құрамында консерванттар, қант, тұз және дәм күшейткіштер көп болады, деп хабарлайды turkystan.kz health.mail.ru-ға сілтеме жасап.

Маманның сөзінше, мұндай қоспалар адамның аштық пен тоқтық сезіміне жауап беретін орталықтарға әсер етіп, тәбетті күшейтеді. Соның салдарынан адам қарапайым тағамды дәмсіз қабылдап, жиі тамақ жегісі келеді.

«Кетчуп таңдағанда құрамы қарапайым өнімдерге мән берген дұрыс. Ең тиімді нұсқа – үй жағдайында дайындалған томат пастасын пайдалану», – деді диетолог.

Ал терапевт Маргарита Белоусова кетчуп құрамында қарапайым көмірсулардың көп болатынын айтты. Оның түсіндіруінше, мұндай өнімдерден кейін адам тез арада қайта ашығып қалады.

Дәрігерлер дұрыс тамақтану үшін дайын тұздықтарды шамадан тыс пайдаланбауға және табиғи өнімдерге басымдық беруге кеңес береді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары