Бүгін бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды

/
Бүгін бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды
istockphoto

«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

7 маусымда Астана, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Талдықорған қалаларында, түнде Алматы, Ақтөбе, Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары