185
Журналистер мен күзетшілер арасындағы жанжал министрдің бақылауында
Журналистер мен күзетшілер арасындағы жанжал министрдің бақылауында
ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов "Қазақстан" ОКЗ ғимаратында журналистер мен күзетшілер арасында болған жанжалды шығарған кінәлілерді анықтайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Осыған дейін БАҚ-та Астанада Димаш Құдайбергенді қарсы алу кешінде журналистер мен концерт залының күзетшілері арасында жанжал шыққаны туралы жазылған болатын. ІІМ осы мәселенің шешімін табуға ат салыса ма деген сұраққа министр нақ жауап берді.
"Біз қараймыз, осы мәселені мен қараймын. Өз бақылауыма аламын", - деп жауап берді Қасымов журналистердің сұрағына ҚР Мәжіліс ғимаратында.