Балуан Нұрасыл Аманалы Моңғолиядағы рейтингтік турнирдің финалына шықты

/
Балуан Нұрасыл Аманалы Моңғолиядағы рейтингтік турнирдің финалына шықты
olympic.kz

Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында күрес түрлерінен халықаралық рейтингтік турнир басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алғаш болып жарыс жолына грек-рим күресінің шеберлері шықты.

Қазақстандық Нұрасыл Аманалы 97 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Минхо Лиді 10:4 есебімен жеңді. Осылайша ол финалда үндістандық Нитешпен белдеседі.

Сондай-ақ 72 келіге дейінгі салмақта Сұлтан Әсетұлы қола жүлде үшін қырғызстандық Жанторо Мирзалиевпен күреседі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары