Бүгін елордадағы «Атамекен» этномемориалды кешенінде Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті. Оған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, сөз сөйлеп, жиын соңында әскери оқу орындарының үздік түлектеріне «аға лейтенант» шенін тапсырды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Іс-шара аясында С. Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институты, Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясы, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясы, Ішкі істер министрлігінің Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы, Ұлттық ұлан академиясы, М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының үздік түлектеріне «аға лейтенант» шені тапсырылды.
