Бейсенбі, 6 Қазан, 2022

Түркімендер банкоматтан ақша алу үшін Түркияға баруға мәжбүр

Түркіменстандықтар банкоматтан қолма-қол ақша шешіп алу үшін шекара асуға мәжбүр. Стамбулдың Ақсарай орталық ауданында орналасқан банкоматтарда кезекте тұрған түркімендердің қарасы көбейген. 

Азаттық радиосының Түркиядағы тілшісінің хабарлауынша, Түркіменстанда қолма-қол ақшаны айырбастауға ресми түрде тыйым салынған соң, азаматтар өз есебіндегі ақшаны шешіп алудың түрлі жолдарын қарастыра бастады.

«Сол себепті соңғы уақыттары Ақсарай ауданындағы банкоматтарда кезекте тұрған түркімендерді жиі кезіктіруге болады. Олар ақша шешіп алу үшін шетелге шығуға мәжбүр. Ал шетелге шыға алмайтындары өзге де қандастарына ақша шешіп беруін өтінеді. Соның салдарынан көптеген азаматтар ақшасының 10 пайызын шетелдік банк комиссиясына төлейді», – деді Азаттық тілшісі.

Түркіменстан мен Түркия арасында визалық жүйе жоқ. Соған байланысты түркімендер осы елге оқуға, демалуға, жұмыс қарауға жиі келеді.

Түркіменстан билігі банк операцияларына қатаң бақылау орнатты. Биыл наурыз айында түркімен банктері халықаралық пластик карталар бойынша онлайн есеп айрысуға тыйым салды.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button