Степногорскте 1,1 млрд теңгелік мемлекеттік сатып алу шартының күші жойылды

/
Степногорскте 1,1 млрд теңгелік мемлекеттік сатып алу шартының күші жойылды
istockphoto.com

Степногорск қаласының әкімдігі қаланы қысқы және жазғы күтіп-ұстау жұмыстарын қалыптастыру және жоспарлау кезінде бюджет заңнамасының бұзылуына жол берген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Атап айтқанда, бұзушылықтар сметалық құнның негізсіз ұлғайтылуына, артық және экономикалық тұрғыдан негізделмеген жұмыс көлемдерінің енгізілуіне, сондай-ақ заңнамаға сәйкес келмейтін және бәсекелестік ортаны шектейтін талаптардың белгіленуіне байланысты.

Қадағалау шараларымен жалпы сомасы 1,1 млрд теңгені құрайтын 9 мемлекеттік сатып алу күші жойылды. Сметалық құн төмендетіліп, бюджеттен негізсіз жұмсалатын 386 млн теңге көлеміндегі шығындар алып тасталды, бұл мемлекеттік қаражатты үнемдеуге мүмкіндік берді.

Жіберілген заңдылық бұзушылықтары үшін қала әкімінің орынбасары және мемлекеттік активтер бөлімінің басшысы тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Бюджет қаражатының мақсатты және тиімді пайдаланылуы тұрақты бақылауда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары