Көкшетауда құрылыс компаниясы мемлекеттен бөлінген ақшаны жымқырған

/
Көкшетауда құрылыс компаниясы мемлекеттен бөлінген ақшаны жымқырған
istockphoto.com

Қаржылық мониторинг агенттігі Көкшетау қаласындағы құрылыс жобаларын іске асыру кезінде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

2021 жылғы желтоқсанда Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі ММ мен «Айдана-ИК» ЖШС арасында әлеуметтік осал топтарға арналған көппәтерлі тұрғын үйлер салу жөнінде 1 млрд теңгеден асатын сомаға келісімшарт жасалған.

Мердігер аванстық төлемдерді алу үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бойынша жалған шарттарды ұсынған.

Кейін тапсырыс беруші тарапынан ЖШС-не  211 млн теңге көлемде қаражат аударған. Алайда құрылыс жұмыстары толық көлемде орындалмаған.

Нәтижесінде нысандар пайдалануға берілмеген.

Алынған бюджет қаражаты жеке қажеттіліктерге, контрагенттермен есеп айырысуға, сондай-ақ қолма-қол ақшаға айналдырылуға жұмсалған.

Күдікті қамауға алынды.

Тергеп-тексеру жалғасуда.

Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары