Алматыда велосипед мінген азамат зейнеткерді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

/
Алматыда велосипед мінген азамат зейнеткерді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен
pixabay.com

Алматыда велосипедші сауда орталықтарының бірінің маңында зейнеткер әйелді қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен. Зардап шеккен әйелге сол маңда болған куәгерлер көмектескен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға 1 маусым күні Алматыдағы сауда орталықтарының бірінің жанында болған. Куәгерлердің айтуынша, соқтығысудан кейін әйелге алғашқы көмекті жанындағы адамдар көрсеткен. Ал велосипедші оқиға орнынан ізін суытқан.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

"Қазіргі уақытта оқиға орнынан қашып кеткен адамның жеке басын анықтау және оны ұстау бойынша шаралар қабылданып жатыр. Жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде", – деп мәлімдеді Алматы полиция департаменті.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, құқық бұзушының әрекетіне Қазақстан заңнамасына сәйкес құқықтық баға беріледі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар