Қазақстанның оңтүстік-шығысында жер сілкінді

/
Қазақстанның оңтүстік-шығысында жер сілкінді
istockphoto.com

Қазақстандық сейсмологтар Жетісу облысының аумағында болған жаңа жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының Геофизикалық зерттеулер институтына қарасты Ұлттық деректер орталығының мәліметінше, жер сілкінісі 2026 жылғы 1 маусымда Астана уақытымен сағат 10:56-да тіркелген.

Жер сілкінісінің эпицентрі Жетісу облысының аумағында, Текелі қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 34 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы 3,8 балды, ал энергетикалық класы 9-ды құрады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары