Жазда қысқы шинамен жүретіндерді қандай жаза күтіп тұр

/
Жазда қысқы шинамен жүретіндерді қандай жаза күтіп тұр
istockphoto

Қазақстанда жаз айларында шипті қысқы шиналарды пайдалануға тыйым салынады. Бұл шектеу 1 маусымнан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Kolesa.kz.

Ережені бұзған жүргізушілерге ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігіне сәйкес, 5 АЕК (2026 жылы 21 625 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

"Қайта заң бұзғандар үшін жауапкершілік қатаңдатылып, 20 АЕК (86 500 теңге) айыппұл салынады", – деп жазды портал.

"Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентке сәйкес, жазғы шиналарда протектордың биіктігі кемінде 1,6 мм болуы керек.

Қысқы шиналар +7°C-тан төмен температурада тиімді жұмыс істеуге арналған. Орташа тәуліктік температура осы көрсеткіштен тұрақты жоғарылаған кезде олардың тиімділігі төмендейді және тежеу қашықтығы артады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары