Жамбыл облысындағы сауда орталығында өрт шықты

/
Жамбыл облысындағы сауда орталығында өрт шықты
ТЖМ

Жамбыл облысының Меркі ауданындағы Меркі ауылында орналасқан екі қабатты сауда орталығында өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт кафенің ас үйінен басталып, кейін ғимараттың шатырына тараған.

Оқиға орнына жоғары шақыру дәрежесі бойынша Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері, «Ауыл құтқарушылары» еріктілері, полиция қызметкерлері және тіршілікті қамтамасыз ету қызметтері жедел жетті.

ТЖМ қызметкерлері мен еріктілердің үйлесімді іс-қимылының арқасында тілсіз жау қысқа уақыт ішінде оқшауланып, толықтай сөндірілді.

Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін сауда орталығынан 20 адам өздігінен эвакуацияланған. Зардап шеккендер туралы ақпарат тіркелген жоқ.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Оқиғаның мән-жайын тиісті қызметтер тексеруде.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары