Маңғыстауда бюджет қаражатын заңсыз жұмсау факілерінің жолы кесілді

/
Маңғыстауда бюджет қаражатын заңсыз жұмсау факілерінің жолы кесілді
istockphoto.com

Маңғыстау облысының прокуратурасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын бұзу фактілерін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Атап айтқанда, Ақтау қалалық тұрғын-үй комуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы заңсыз бір көзден 592 млн тг мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған. 

Бұдан басқа, Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің басшысы мен Бейнеу ауданы Тұрыш ауылының әкімі орындалмаған жұмыстар үшін 29,5 млн тг бюджет қаражатын төлеген. 

Прокуратура актісінің негізінде заң бұзушылықтар жойылды. 

Сонымен қатар аталған лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтары үшін, атқарып отырған лауазымдарына толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі жауаптылыққа тартылды.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары