Әнші Қайрат Нұртас пен актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың ортаншы қызы Алау мектеп бітірді. Өнер иелері қызының соңғы қоңырау салтанатына қатысып, ерекше күнінде жанынан табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram парақшасында мектептегі мерекелік іс-шарадан видео жариялап, жас түлек атанған қызына жылы тілегін арнады.
"Алау Қайратқызы – жас түлек. Жолың ақ, талабың нұрлы, зейінің ашық болсын! Сен армандаған белестің биік екенін білемін. Сен оған өз талпынысыңмен жетеріңді де білемін. Біз сенің қасыңдамыз", – деп жазды актриса.
Салтанатты шараға Алаудың анасы ғана емес, әкесі Қайрат Нұртас та қатысқан. Әнші түлектер мен ұстаздарға арнап ән айтып, мектеп ұжымына мерекелік көңіл күй сыйлады.
Желі қолданушылары бұл сәтке жылы пікір білдіріп, Қайрат Нұртастың қызының маңызды күнінде қасынан табылғанын жоғары бағалады. Көпшілік Алауға ақ жол тілеп, қалаған оқу орнына түсуіне тілектестік білдірді.
Пікір қалдырғандардың бірі әншінің қарапайым халықпен бірге тұрғанын атап өтсе, енді бірі мектеп формасының әдемілігіне назар аударған. Ал кейбір оқырман Қайрат Нұртастың соңғы қоңырауға қатысқанын көріп, ерекше әсер алғанын жазды.