Шығыс Қазақстанда есірткі тасымалдаумен айналысқан күдіктілер ұсталды

/
Шығыс Қазақстанда есірткі тасымалдаумен айналысқан күдіктілер ұсталды
polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері интернет-дүкен арқылы есірткіні заңсыз таратумен айналысқан екі адамның қылмыстық әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында басқа өңірлерден келген 34 жастағы әйел және 22 жастағы ер адам ұсталды. Олар тыйым салынған заттарды өлшеп-қаптаушы және тасымалдаушы қызметін атқарған.

Күдіктілер мінген автокөлікті тексеру кезінде есірткі заттары салынған орамдар, сондай-ақ оларды өлшеп-қаптауға және буып-түюге арналған құралдар табылып, тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттардың қатарында жалпы салмағы шамамен 900 грамм болатын синтетикалық α-PVP есірткісі және 100 грамға жуық мефедрон болған. Тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы бір келіге жеткен.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары