Түркістан облысында мас адам өзгенің көлігін теуіп кеткен

/
Түркістан облысында мас адам өзгенің көлігін теуіп кеткен
istockphoto.com

Түркістан облысында өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен мас азамат ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полицияға Түлкібас ауданының тұрғынынан хабарлама түсті. Ол үйінің алдында есігі ашық тұрған көлігін белгісіз азамат айдап кеткенін айтып, арызданған.

Ақпарат түсе салысымен жеке құрамға бағыттама берілді. Алматы – Ташкент – Термез тасжолында қызмет атқарып жүрген облыстық патрульдік полиция батальонының қызметкерлері бағыттама бойынша көлікті байқап, тоқтатуға әрекет жасаған. Алайда жүргізуші полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбай, қашуға тырысқан.

Соған қарамастан тәртіп сақшылары жедел әрі кәсіби әрекет етіп, автокөлікті аталған тасжолдың 669-670 шақырым аралығында тоқтатты. Нәтижесінде көлік жүргізушісі ұсталды.

Оқиға қызметтік көліктің бейнетіркегішіне және полицейдің кеуде жетонына түскен. Тексеру барысында ер адамның мас күйде болғаны анықталды. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары