Астанада құрбандық шалу рәсімі өтетін орындар белгіленді

/
Астанада құрбандық шалу рәсімі өтетін орындар белгіленді
Астана әкімдігі

Астанада биыл 27-29 мамыр аралығында өтетін Құрбан айт күндері құрбандық шалынатын арнайы орындар белгіленді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарланғандай, Айт намазы 27 мамыр күні таңғы сағат 06:00-де қаланың барлық мешітінде оқылады. 

Құрбандық шалу рәсімі күн сайын сағат 07:00-ден 18:00-ге дейін тек ресми түрде бекітілген орындарда ғана жүргізіледі. Осы мақсатта елордада бес мамандандырылған алаң белгіленді: 

• Байқоңыр ауданы: «Шанхай» базары – Алаш тасжолы, 34/6; 

• «Баракат» базары – А 369 көшесі, 10; 

• «Жайлау» базары – Алаш тасжолы, Ц 313 көшесі; 

• «Шәушен» шаруа қожалығы – Алаш тасжолы, 136Б. 

• Алматы ауданы: «Ет-Хан» ет цехы – Теміржолшылар тұрғын алабы, Ақжар көшесі, 20. 

Құрбандық шалу рәсімін арнайы белгіленген орындардан тыс жерде өткізуге болмайды. 

Мереке қарсаңында тұрғындар санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринариялық талаптарды сақтауы қажет. Мамандар етті тек тексерілген орындардан сатып алуды, өнімнің сақталу жағдайына назар аударуды, сондай-ақ жеке гигиена мен санитарлық қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады.  Сонымен қатар, мал союдан қалған қалдықтарды белгіленген тәртіппен кәдеге жарату қажет, оларды қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлерге тастауға тыйым салынады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары