Ақтөбедегі Шығармашылық академиясында «BIR TOLQYNDA» аясында студент жастармен ашық кездесу ұйымдастырылды. Еркін форматта өткен кездесуге 400-ден астам жас қатысты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Кездесуді «AMANAT» партиясының жастар қанаты ұйымдастырды. Іс-шараға «ЖастарРухы» Жастар қанаты төрағасының орынбасары Ержан Хамитов, Ақтөбе қалалықжастар ресурстық орталығының басшысы Әлішер Садық, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбеөңірлік университетінің проректоры, Ақтөбеқалалық мәслихатының депутаты Нарқозы Қартжан, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Видади Фарзалиев,«Сөйле» тілдесу клубының тренері Аида Кадын, облыстық мәслихат депутаттары, белсенді жастар, волонтерлік ұйым жетекшілері және жоғары әрі техникалық-кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері қатысты.
Кездесу барысында жастар саясаты, қоғамдық қызмет, еріктілік, өзін-өзі дамыту және өңірлік бастамалар тақырыптары кеңіненталқыланды. Қатысушылар спикерлерге өздерін толғандырған сауалдарын қойып, пікіралмасты. Ашық форматтағы алаң жастардың еркін ой бөлісуіне мүмкіндік берді.
Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Видади Фарзалиев мұндай кездесулердің маңыздылығына тоқталды.
«AMANAT» партиясы қоғамның түрлі саласын қамтып, осындай алаңдар арқылы жастардың ұсыныстары мен пікірлеріне ерекше мән беріп келеді. Біз әрдайым жастар бастамаларын қолдауға дайынбыз. Мұндай кездесулер жастарға ашық сұрақ қойып, өздерін толғандырған мәселелер бойыншапікір алмасуға мүмкіндік береді. BIR TOLQYNDA - жастар үнін еститін, өзарабайланыс орнататын маңызды жоба», – деді ол.
Өз кезегінде «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанатының төрағасы Әлішер Тыныштық өңіржастарының мұндай бастамаларға қызығушылығы жоғары екенін атап өтті.
«Ақтөбе жастары қоғамдық қызметке, әлеуметтік жобалар мен жастар саясатынабелсенді араласып келеді. Бүгінгі кездесу де мазмұнды пікір алмасу алаңына айналды. Қатысушылар өз ойларын еркін жеткізіп, түрлі ұсыныстарын ортаға салды. Осындайформат жастар мен қоғам арасындағыбайланысты күшейтеді Сондай-ақ бүгінгі кездесу аясында «Цифрлық волонтерлік» жобасы таныстырылып, «Жастар Рухы» белсенділерімен арнайы кездесужоспарланған», – деді Әлішер Тыныштық.
Кездесуге қатысқан студент жастар да шараның ерекше форматта өткенін атап өтті. Солардың бірі Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті Азамат Каменов.
«Қоғамдық өмірге белсенді араласу мен үшін әрдайым қызық. Осындай кездесулержаңа орта мен жаңа мүмкіндіктерге жолашады. Әртүрлі оқу орындарынан келгенжастармен танысып, пікір алмасқанымызерекше әсер қалдырды», – деді ол.
Ақтөбе жастары бүгінде қоғамдық өміргебелсенді араласып, түрлі әлеуметтік жәнееріктілік бастамалардың алдыңғы қатарынанкөрініп келеді. «BIR TOLQYNDA» секілдікездесулер жастардың пікірін тыңдап қанақоймай, олардың идеяларын жүзеге асыруғамүмкіндік беретін маңызды алаңға айналуда.
Айта кетейік, «BIR TOLQYNDA» еліміздің басқа өңірлерінде де қатар ұйымдастырылуда. Атап айтқанда, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында жастармен ашық диалог алаңдары өтті. Жоба алдағы уақыттаөзге өңірлерде жалғасып, жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған бастамаларды біріктіре бермек.