Қазақстан мен Өзбекстан тауар алмасуды 5 млрд долларға көбейтпек

Қазақстан мен Өзбекстан тауар алмасуды 5 млрд долларға көбейтпек

Қазақстан мен Өзбекстан тауар алмасуды 5 млрд долларға көбейтпек
ашық дереккөзі
Өзбекстанның ресми ақпарат құралдарының хабарлауынша, 24 сәуірде президент Шавкат Мирзияев Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен телефонмен сөйлескен. Мирзияевтің баспасөз қызметінің хабарлауына қарағанда, мемлекет басшылары "саяси, сауда-экономикалық, транспорт-коммуникация, ғылыми-техникалық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салаларда екі елдің өзара тиімді ынтымақтастығының күшейе түскеніне көңілдері толатынын" білдірген. 24 сәуір күні кешкісін Gazeta.uz сайтында жарияланған ақпаратта тараптардың алдағы бірнеше жылда өзара сауда айналымы көлемін бес миллиард долларға дейін жеткізу ниеті барын растап, аймақаралық байланыстарды кеңейтуді қолдағаны айтылады.