Шымкентте 15 мамырда жоғалып кеткен 18 жастағы жас жігіт өлі табылды. Бұл туралы Lider еріктілері мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Еріктілер жас жігіттің денесі табылу жағдайына қатысты нақты мәлімет бермеген. Белгілі болғандай, 2008 жылы туған Еркебұлан Қуанышбай шамамен сағат 12:00-де ПМК Жұлдыз мекенжайына шығып, сол күйі жоғалып кеткен.
Белгілері: бойы 165–170 см, шашы қара, көзі қоңыр.
Қара түсті футболка мен қара шалбар киген.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда 25 жастағы жігіттің де жоғалып кеткені хабарланған болатын.