«Ренішім бар»: Сазгер Гүлнұр Нұрасыл әндері рұқсатсыз орындалып жүргенін айтты

/
«Ренішім бар»: Сазгер Гүлнұр Нұрасыл әндері рұқсатсыз орындалып жүргенін айтты
жеке парақшасынан

Әнші, сазгер Гүлнұр Нұрасыл соңғы жылдары өзінің туындыларының рұқсатсыз орындалып, авторы көрсетілмей таралуына қатысты наразылығын білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның айтуынша, 27 млн қаралым жинаған «Әлди» әні де бірнеше рет авторлық құқықсыз қолданылып, ресми түрде оның аты көрсетілмеген.

«Мен Гүлнұр Нұрасыл ән авторы ретәнде соңғы жылдары әндерімнің рұқсатсыз орындап жүргеніне үлкен ренішім бар. Соның ішінде жүрегіме ең ауыр тигені «Әлди» әнім. Бұл ән YouTube желісінде 27 млн қаралым жинаған. Бірақ авторы көрсетілмеген. Осыдан 4-5 жыл бұрын Жанат Бақыт менің орындауымдағы бұл әнді рұқсатсыз алып, Шаба Әденқұлға орындатқан. Кейін YouTube-ке жариялаған. Мен сол уақыттан бері қайта-қайта хабарласып, әннің авторы екенімді айтып келемін. Авторын белгілеңіздер деген өтінішім, ескертуім де айтылды. Тіпті 2 ай бұрын Шаба Әденқұлды көрдім. Ол кісіге де айттым. Бірақ әлі күнге дейін ешқандай өзгеріс жоқ. Бұл авторлық еңбекке жасалған үлкен құрметсіздік деп ойлаймын.

Аталған ән 2019 жылы түұғыш қызым дүниеге келгенде шығып, өз орындауымда жазған болатынмын», – деді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары