Ұлттық ұланның әскери қызметкерлері түрмеге заңсыз зат өткізбек болғандарды ұстады

/
Ұлттық ұланның әскери қызметкерлері түрмеге заңсыз зат өткізбек болғандарды ұстады
Ұлттық ұлан

Ұлттық ұланның 5546 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері №15 Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметкерлерімен бірлесіп, түзеу мекемесінің аумағына тыйым салынған заттарды заңсыз өткізу әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға көлік бақылау-өткізу пунктінде  «Газель» маркалы автокөлігін тексеру кезінде болған. Тексеру барысында ұландықтар «Шах» атты қызметтік-іздестіру итін қолданады.

Қызметтік ит көлік құралының салонында тыйым салынған заттардың болуы мүмкін екенін білдіретін белгі бергендіктен, бақылаушылар жіті тексеру жүргізеді. Тексеру нәтижесінде салон қалташасынан ішінде спецификалық иісі бар өсімдік тектес зат салынған  пластикалық банка табылған.

Ұлттық ұлан әскери қызметшілері мен Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі қызметкерлерінің жедел және үйлесімді әрекетінің арқасында тыйым салынған заттарды режимдік объектіге өткізу әрекеті дер кезінде тоқтатылды.

Осы факт бойынша тексеру жүргізілуде, оқиғаның толық мән-жайы және құқық бұзушылыққа қатысы бар адамдар анықталатын болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары