Президент Мақпал Жүнісованы марапаттады

/
Президент Мақпал Жүнісованы марапаттады
Ақорда

Президент Жарлығымен мәдениет саласындағы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін бір топ азаматқа мемлекеттік награда табысталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Олардың қатарында Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова да бар. Мемлекет басшысы өнер иесін екінші дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.

Сондай-ақ ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен Михаил Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театры» РМҚК актрисасы Ганцева Марина марапатталды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары