Тараз қалалық соты азамат С-ның екі жауапкерге қатысты жер учаскесін заңсыз иеленуден қайтару және құрылыстарды мәжбүрлеп бұзу туралы талап қоюы бойынша азаматтық істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Даулы жер учаскелері бұрын жауапкерлерге лауазымды тұлғаның қылмыстық әрекеттері нәтижесінде заңсыз берілген. 2019 жылы сот шешімімен жауапкермен жасалған жалдау шарттары жарамсыз деп танылып, жер мемлекетке қайтарылған.
2023 жылы жер учаскесі тұрғын үй салу үшін талап қоюшыға заңды түрде берілген. Алайда жауапкерлер өз бетінше тұрғызылған уақытша құрылыстар (сарайлар) мен қоршаулар орналасқан жерді ұстауды жалғастырған.
Сот іс материалдарын зерттеп, жердің заңды иесінің құқықтарының бұзылғаны туралы қорытындыға келді.
Сот шешімімен талап қою арызы қанағаттандырылды. 0,0957 га жер учаскесі жауапкерлердің заңсыз иелігінен алынып, талап қоюшыға қайтарылды. Екі уақытша құрылыстар мен қоршаулар жауапкерлердің қаражаты есебінен мәжбүрлеп бұзуға жатады.
Жауапкерлерден талап қоюшының пайдасына мемлекеттік баж өндірілді.
Шешім заңды күшіне енді.