Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Әбутәліп Мүтәлі Қазақстанда индустрия-логистика хабын дамыту жөнінде Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевқа депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Әбутәліп Мүтәлі Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін күшейту қажеттігін айтып, елді тек транзиттік дәліз емес, қосымша құн қалыптастыратын толыққанды индустриялық-логистикалық хабқа айналдыру маңызды екенін атап өтті.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз жолдауларында Қазақстанды Еуразияның негізгі транзиттік хабына және толыққанды көлік-логистикалық державаға айналдыру қажеттігін бірнеше рет атап өткен.
Қазір Қазақстан транзит көлемін арттыруда: Транскаспий бағдары дамуда, темір жол, автомобиль, теңіз және авиация дәліздері жаңғыртылуда. 2025 жылдың қорытындысы бойынша транзит көлемі 36,9 млн тоннаға жеткен.
Сонымен қатар Қазақстанның халықаралық транзит саласында айтарлықтай өсу әлеуеті бар.
Қазір біз жаһандық тасымалдаудан миллиардтаған доллар жоғалтып жатырмыз.
Біздің еліміз халықаралық транзит үшін жай ғана «дәліз» болып қалдыруға болмайды.
Біздің стратегиялық міндет – «дәлізге өндіріс, цифрлық сервистер және экспортты қосып» қосымша құнды қалыптастыру моделіне көшу болу керек.
Бұл тәсіл еліміздің табысын бірнеше есе арттыруға мүмкіндік береді.
Іске асырылып жатқан бастамалар мысалы Smart Cargo, логистикалық паспорт, инфрақұрылымның цифрлық көшірмесі, қағазсыз құжат айналымы бәрі әралуан сипатқа ие және бірыңғай индустриялық-логистикалық экожүйені қалыптастырмайды.
Халықаралық тәжірибе бәсекеге қабілеттілік транзитпен емес, оның айналасындағы қосылған құнды қалыптастырумен қамтамасыз етілетінін растап отыр. Мысалы, Джебель-Али порты (БАӘ), Туас порты (Сингапур) және Дуйсбург порты (Германия) индустриялық-логистикалық экожүйе ретінде жұмыс істейді, мұнда жүктерді өңдеу, жинау, қаптау, таңбалау, сертификаттау, олардың сервисі мен кері экспорты жүзеге асырылады», – деді ол.
Сондай-ақ депутат цифрлық ашықтыққа да ерекше назар аудару қажет екенін атап өтті.
«Кәсіпкерлердің жолдағы жүктердің қай жерде екенін көруге толық қолжетімділігі жоқ, ал басқа секторларда мысалы, пошта жөнелтілімдері мұндай мүмкіндіктер бар.
Сондай-ақ төлемдерді алдын ала цифрлық есептеу моделіне көшіру ұсынылады, мұнда кәсіпкер жүк келгенге дейін оның толық құнын – салықты, бажды, алымды, логистикалық шығыстарды төлейді, және ресімдеу мерзімдері мен ықтимал тәуекелдерді көреді.
Сонымен қатар қазір бар құралдар — Еркін экономикалық аймақ, индустриялық аймақтар, көлік дәліздері мен цифрлық шешімдер қайтадан бытыраңқы дамып, индустриялық-логистикалық хабтардың бірыңғай моделіне біріктірілмегенін атап өткен жөн.
Қолданылып жүрген тәсілдер сақталса, қосымша құн қалыптастырылмай транзиттік қана мемлекет болып қалып, өнеркәсіптік өсім мен экспорт әлеуетінен қапы қалу тәуекелі сақталады.
Басқаша айтқанда, бұл транзит арқылы құрылуы мүмкін мыңдаған жұмыс орындар. Бұл жаңа салықтар, жаңа құзыреттер.
Халықаралық транзитті дамытуға, жолдарға, инфрақұрылымға бөлінетін миллиардтаған бюджет қаражаты еліміздің игілігі үшін толық көлемде жұмыс істеуге тиіс.
Ол Үкіметке индустриялық-логистикалық хабтардың бірыңғай моделін енгізу, цифрлық интеграцияны толық қамтамасыз ету және логистикалық инфрақұрылымды 2035 жылға дейін дамытудың ұлттық бағдарламасын әзірлеу жөнінде бірқатар нақты ұсыныс жасады», – деді депутат.
«Осыған байланысты Үкіметке:
- Еркін экономикалық аймақтарды, индустриялық аймақтарды және логистикалық орталықтарды, олардың өңірлік ерекшеліктерін біріктіре отырып, индустриялық-логистикалық хабтардың арнайы реттеушілік режимін енгізуді;
- Толық цифрлық интеграцияны Smart Cargo, «бір терезе», логистикалық паспорт, жүктер трекингі және электрондық тасымалдау құжаттарын қамтамасыз етуді;
- Жүктер келгенше барлық төлемнің алдын ала цифрлық есептемесін автоматты түрде салыстыра отырып ендіруді;
- Еркін экономикалық аймақтар мен логистикалық объектілердің ревизиясын жүргізуді және Хабтарды дамытудың 2035 жылға дейінгі ұлттық бағдарламасын KPI-мен бірге әзірлеуді;
- Үкімет жанында бірыңғай үйлестіруші орталықты айқындауды және тасымалдардың халықаралық цифрлық интеграциясын қамтамасыз етуді ұсынамын.
Аталған шараларды іске асыру транзиттік модельден көлік-логистикалық салада қосылған құн экономикасын қалыптастыруға көшуге мүмкіндік береді.
Қабылданған іс-шаралар туралы заңнамада белгіленген тәртіппен жазбаша түрде ақпарат беруіңізді сұраймын», – деді Ә. Мүтәлі.