Бестөбедегі шахтада тау жынысы опырылып, екі азамат қаза тапты

/
Бестөбедегі шахтада тау жынысы опырылып, екі азамат қаза тапты
ашық дереккөзден

Ақмола облысындағы Бестөбе кенішінде тау жыныстары опырылып, екі адам көз жұмды. Қайғылы оқиғаға қатысты полиция сотқа дейінгі тергеу бастады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Бестөбе шахтасындағы кен орнында болған. Тау массасының опырылуы салдарынан 38 және 21 жастағы екі ер адам оқиға орнында қаза тапқан.

"Бестөбе шахтасындағы кен орнында тау жыныстары опырылып түсті. Соның салдарынан 38 және 21 жастағы екі ер адам көз жұмды", – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 269-1-бабы 3-бөлігі, яғни «Қорғалатын нысанға заңсыз кіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Полиция қажетті сараптамалар тағайындалғанын және оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқанын мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін елімізде заңсыз алтын қазумен айналысатындардың көбейіп, осындай қауіпті жағдайлардың жиілеп кеткені туралы айтылған еді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар