Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке қатысты қуанышты хабар шықты

/
Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке қатысты қуанышты хабар шықты
olympic.kz. Суретте: Елдос Сметов

Қазақстандық дзюдошы, Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов Қытайдың Циндао қаласында өтетін Гран-при турниріне қатысатын ұлттық құрама сапына енгізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

60 келі салмақта өнер көрсететін Елдос Сметов 2026 жылғы Циндао Гран-приінде Қазақстан намысын қорғайды. Бұл жарыс спортшы үшін ұзақ үзілістен кейінгі маңызды халықаралық турнирлердің бірі болмақ.

Ерлер құрамасында Сметовтен бөлек, әртүрлі салмақ дәрежесінде тағы 10 қазақстандық дзюдошы бақ сынайды. Ал әйелдер құрамасынан 10 спортшы татамиге шығады. Олардың арасында Қазақстан дзюдошылары арасында рейтингте көш бастап тұрған Әбиба Әбужақынова да бар.

Циндао Гран-приіне қатысатын Қазақстан құрамасы:

Ерлер құрамасы:

  • 60 келі: Елдос Сметов, Талғат Орынбасар;
  • 66 келі: Ғұсман Қырғызбаев;
  • 73 келі: Бақытжан Әбдірахманов, Ерсұлтан Дүйсенхан;
  • 81 келі: Абылайхан Жұбаназар, Әділет Алмат;
  • 90 келі: Айдар Арапов, Даниил Крылов;
  • 100 келі: Асқар Біржанов, Бақжан Байтас.

Әйелдер құрамасы:

  • 48 келі: Әбиба Әбужақынова;
  • 52 келі: Меруерт Сәрсенова;
  • 57 келі: Бақыт Құсақбаева;
  • 63 келі: Эсмигуль Куюлова;
  • 70 келі: Ажар Асхат, Мөлдір Нарынова;
  • 78 келі: Аруна Жангелдина, Екатерина Токарева;
  • 78 келіден жоғары: Аида Тойшыбекова, Назгүл Маратова.

Айта кетейік, Елдос Сметов соңғы рет 2024 жылы Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарында татамиге шығып, алтын медаль жеңіп алған еді. Содан кейін спортшы біраз уақыт жарыстардан тыс қалды. Ол шетелде болып, ағылшын тілін меңгерді, кейін иық буынына ота жасатты.

2025 жылдың соңында Сметов жаттығуын қайта бастағанымен, содан бері ұлттық құрама сапында ресми жарыстарға қатыспаған болатын. Циндаодағы Гран-при оның үлкен спортқа қайта оралуындағы маңызды кезеңге айналмақ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар