«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы 20-25 мамыр аралығында KZ 01-01 «Астана қаласының айналма жолы» автомобиль жолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетінін мәлімеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жөндеу жұмыстары кезеңінде Балқарағай демалыс аймағының бұрылысынан бастап Павлодар бағытына шығатын көлік айрығына дейінгі жол учаскесінде 20 мамыр сағат 17:00-ден бастап 25 мамыр сағат 00.00-ге дейін көлік қозғалысы толықтай уақытша тоқтатылады. Жабылатын учаскенің ұзындығы 8 шақырымды құрайды.
Қозғалысты толық шектеу жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жөндеу жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтау мақсатында енгізіліп отыр.
Жүргізушілерден сапарларды алдын ала жоспарлауды, уақытша шектеулерді ескеруді және жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауды сұраймыз. Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жай-күйі туралы қосымша ақпаратты 1403 байланыс орталығы арқылы алуға болады.