Маңғыстаулық оқушылар халықаралық олимпиадада жүлделі болды

/
Маңғыстаулық оқушылар халықаралық олимпиадада жүлделі болды
Маңғыстау облысы ҚКО

Маңғыстаулық оқушылар Румынияның Бухарест қаласында өткен INFOMATRIX WORLD FINALS 2026 халықаралық олимпиадасы мен инновациялық IT жобалар байқауының әлемдік финалында жүлделі орынға ие болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, INFOMATRIX WORLD — бағдарламалау, жасанды интеллект, робототехника және компьютерлік технологиялар бағытындағы әлемдік деңгейдегі халықаралық жарыс. Аталған финалға әлемнің түрлі елдерінен мектеп оқушылары мен студенттер қатысты.

Қазақстан атынан халықаралық финалда «Aqtau International School» мектебінің оқушылары қатысып, ел намысын қорғап, қола медаль жеңіп алды.

Жеңімпаз атанған оқушылардың қатарында  10 А сынып оқушысы Әбілхайр Мұхаммедов, 8 С сынып оқушысы Әнуар Шыныбекұлы, 9 А сынып оқушысы Әмір  Кенесбеков бар.

Команда «Money Flow Graph Analyzer» атты жобасын таныстырды. Жоба Graph Neural Network (GNN) және жасанды интеллект технологиялары арқылы қаржылық алаяқтық пен күмәнді ақша аударымдарын анықтауға бағытталған.

Оқушылар халықаралық қазылар алқасы алдында жобаларын ағылшын тілінде сәтті қорғап, Қазақстан мен мектебімізді әлемдік деңгейде лайықты таныстырды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары