Көкшетауда жүргізуші келіншек кішкентай баланы қағып кетті

/
Көкшетауда жүргізуші келіншек кішкентай баланы қағып кетті
видеодан скриншот

Көкшетауда әйел жүргізуші анасымен бірге тротуарда келе жатқан баланы қағып кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әлеуметтік желілерде жол апаты сәті түсірілген бейнебақылау камерасының видеосы тарады. Кадрларда әйел тізгіндеген көліктің тротуарға шығып кеткені көрінеді. Сол сәтте тротуарда әйел мен бала келе жатқан. Соның салдарынан көлік баланы қағып кеткен.

Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші газ бен тежегіш педальдарын шатастырып алуы мүмкін.

Ақмола облысының полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы сейсенбі, 19 мамыр күні болған. Оқиға орнына патрульдік полиция экипажы дереу барған.

«Оқиға кезінде бала анасымен бірге тротуарда болғаны анықталды. Қағып кету салдарынан кәмелетке толмаған бала жеңіл жарақат алды. Медициналық тексеруден кейін үйіне жіберілді. Баланың ата-анасы жүргізушіге қатысты шағым түсіруден бас тартты», – деп хабарлады полиция.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері жол апаты фактісі бойынша материал жинап, жүргізушіні қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартты.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары