Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар екінші оқылымда 6 Конституциялық заңды қабылдады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оның ішінде келесі заңдар бар:
1. «Қазақстан Республикасының Президенті туралы»;
2. «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы»;
3. «Қазақстан Халық Кеңесі туралы»;
4. «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы»;
5. «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы»;
6. «Бірқатар конституциялық заңдарды Конституцияға сәйкестендіру туралы» (сайлау туралы, республикалық референдум туралы, Үкімет туралы, сот жүйесі туралы, Конституциялық Сот туралы, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы, Прокуратура туралы және басқа да заңдар).
«Аталған конституциялық заңдар пакетінің қабылдануы мемлекеттік саясаттың тұжырымдамалық бастамалардан нақты құқықтық тетіктерге дейінгі жүйелі әрі дәйекті сипатын бекітеді. Бұл – жаңартылған мемлекеттік-саяси модельдің құқықтық негіздерін нығайтатын 2026 жылғы Конституциялық реформаны жүзеге асырудағы аса маңызды кезең», – дейді Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин.