ТЖМ терек мамығының қауіпі туралы ескертті

/
ТЖМ терек мамығының қауіпі туралы ескертті
ТЖМ

Жаздың басталуымен аулаларда, тротуарларда және ғимараттардың жанында жиналатын терек мамығынан өрт қаупі күрт артады. Ол тез тұтанғыш, тіпті кездейсоқ лақтырған сіріңке немесе темекі тұқылдары өртке әкелуі мүмкін, деп хабарлайды turkystan.kz.

ТЖМ ақпаратынша, мамықты өртеу ерекше қауіп төндіреді, оны балалар ойын ретінде қабылдайды. Көбінесе өрт тез таралып, машиналарға, ғимараттарға және тұрғын үйлерге ауысады.

Қауіпсіздік шаралары:

  • біреудің мамықты өртеп жатқанын көрсеңіз, назардан тыс қалдырмаңыз;
  • балаларға «отпен ойнау» қайғылы жағдайға  әкелуі мүмкін екенін түсіндіріңіз;
  • жиналған мамықты жинаңыз. Су төгіңіз, өртемеңіз!
  • құрғақ жерлер мен мамықтың жанында темекі шекпеңіз, от жақпаңыз;

Бей-жай қарамаңыз, терек мамығы бірнеше секунд ішінде өртке ұласып, оның зияны орасан зор болуы мүмкін.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары