Солтүстік Қазақстанда қайғылы жағдай болды

/
Солтүстік Қазақстанда қайғылы жағдай болды
Әлеуметтік желіден

Жол-көлік оқиғасы бүгін республикалық маңызы бар «Петропавл-Жезқазған» автожолының 808 км-де болған.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға шамамен сағат 16.00 шамасында болған. «Нива» көлігі Петропавлдан Сергеевка қаласына бара жатқан. Жол шетінде тоқтап тұрған «ГАЗель» көлігін байқамай қалып, соқтығысқан.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Шал ақын ауданындағы Кеңес пен Жаңажол ауылдарының арасында «Нива» және «ГАЗель» көліктері соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Нива» автокөлігінің 40 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. 45 жастағы жүргізуші аудандық ауруханаға жеткізілгенімен, қабылдау бөлімінде қайтыс болды. 

Фото: Әлеуметтік желіден

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесіне сәйкес процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Осыған байланысты полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Мамандар әсіресе жылдамдық режимін бұзбауды, маневр жасау кезінде сақ болуды және көліктің техникалық жағдайын үнемі бақылап отыруды еске салды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары