BI Marathon 2026: Астанада өткен мерейлі спорттық шарада ерекше балалар үшін 45 миллион теңге жиналды

/
BI Marathon 2026: Астанада өткен мерейлі спорттық шарада ерекше балалар үшін 45 миллион теңге жиналды

17 мамыр күні елордадағы Триатлон саябағында мерейлі, оныншы BI Marathon кең ауқымда өтті. Осы жылдар ішіндемейірімділік пен үміттің символына айналған бұл ірі шарағаерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау мақсатында 5000 адам қатысқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Дәстүр бойынша жарыс қайырымдылық мақсатта өтті. Слоттарды сатудан және өзге де қайырымдылықшаралардан түскен шамамен 45 миллион теңге «BI Жұлдызай» корпоративтік қорына аударылды. Бұл қор 22 жылдан бері Қазақстанда балаларға медициналық жәнеәлеуметтік көмек көрсетіп келеді. Осы уақыт аралығындашетелдік профессорлардың қатысуымен 1800-ден астамкүрделі операция жасалды, қордың оңалтубағдарламаларының арқасында 15 мың бала өмірініңсапасын жақсартты. Жүздеген бала алғаш қадам басып, сөйлей бастады.

Осындай миссия үшін BI Marathon-ның мәресінде кәсібиспортшылар, әуесқой жүгірушілер, балалы отбасылар, ағабуын өкілдері және ерекше қажеттілігі бар жандаржиналды. Қатысушылар 21,1 км, 10 км, 5 км қашықтықтажәне 5 км скандинавиялық жүрісте бақ сынады. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар, марафон серіктестерінің сыйлықтары табысталды. Ал 1 км және 400 метрлік балалар жарысында бүлдіршіндер өздерін нағызчемпион сезініп, естелік сыйлықтарға ие болды.

Марафонға «BI Жұлдызай», «Асар-Уме» қорларының жәнеUnicef ұйымының қол астындағы балалар да қатысты. Бұлспортта шекара жоқ екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. 10 км қашықтыққа церебралды сал ауруы диагнозы бар баласынарбаға отырғызып жүгірген ер адамның қатысуы ерекшетолқынысты сәт болды. Бұл келген қонақтардың жүрегінтебірентіп, махаббаттың қандай ұлы күші барын еске салды.

Скандинавиялық жүріс бойынша қатысқан «Ұзақ өмірсүрушілер клубының» мүшелері де көпшілікті ерекшешабыттандырды. Ең егде қатысушының жасы 79-да.

«Барыс» хоккей командасының танымал ойыншысы Даррен Дицке көпшіліктің назары ауды. Ол 21,1 км қашықтықтыжүгіріп өтіп, салауатты өмір салты мен қайырымдылыққабейжай қарамаудың үлгісін көрсетті.

Жанкүйерлерге де ерекше алғыс айту керек. Олар жол бойыатлеттерді плакаттар, музыка және көтеріңкі көңіл күйарқылы қолдап, спортты мерекеге айналдырды. Олардыңқолдауы марафоншыларға қарқынды сақтауға көмектесті.

Марапаттау рәсімінде көрермендер тосын сыйдың куәсіболды. Қатысушылардың бірі сахнада сүйіктісіне ұсынысжасады. Іс-шара ALEM-нің өнер көрсетуіменқорытындыланды.

«Біз болашаққа жол сыйлау үшін жүгіріп жатырмыз. Әрқатысушының үлесі үмітке жетелейді. Бұл жай жарыс емес, үлкен мейірімділіктің көрінісі», – деп атап өтті ұйымдастырушылар.

BI Marathon 2026 адамдар игі мақсат үшін біріккенде, спорттық жарыстың мәні арта түсетінін тағы да дәлелдеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары