Жетісу облысында құмар ойын ойнаған мемлекеттік қызметкер жұмысынан босатылды

/
Жетісу облысында құмар ойын ойнаған мемлекеттік қызметкер жұмысынан босатылды
istockphoto.com

Жетісу облысында мемлекеттік қызметкер мемлекеттік қызметке кір келтіргені үшін жұмыстан босатылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен әдеп нормаларын сақтау — мемлекеттік қызметте болудың міндетті шарты. Аталған талаптарды кез келген бұзушылық тиісті жауаптылыққа және ымырасыз құқықтық баға беруге әкеп соғады.

Ақсу ауданының прокуратурасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына талдау жүргізу барысында әдеп және құқықтық нормалардың өрескел бұзылу фактісін анықтады. Атап айтқанда, мемлекеттік орган қызметкері заңмен белгіленген тыйымдарға қарамастан, құмар ойындарға қатысқаны белгілі болды.

Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін мемлекеттік қызметші атқарып отырған лауазымынан босатылды.

Жетісу облысының прокуратурасы осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарына назар аударады. Әрбір мемлекеттік қызметші қоғам алдындағы жауапкершілігін сезініп, заң талаптарын мүлтіксіз сақтауы тиіс.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар