Үкімет басшысы Қазақстанда аэро-такси мен дрондарды заңмен реттеуді тапсырды

/
Үкімет басшысы Қазақстанда аэро-такси мен дрондарды заңмен реттеуді тапсырды
joby aviation/instagram

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында қалалық әуе ұтқырлығы (UAM) мәселелерін заңнамалық тұрғыда реттеу қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Еуропадағы EASA және АҚШ-тағы FAA сияқты әлемдік реттеушілер коммерциялық аэро-такси аппараттарын сертификаттау қағидаларын әзірлеп қойды.
Біз де аэро-такси, дрондар мен басқа да ұшу аппараттарының жаңа түрлерін іске қосуға дайын болуымыз керек», — деп атап өтті Премьер-министр.

Көлік министрлігіне биылғы маусым айының соңына дейін қалалық әуе ұтқырлығы (UAM) мәселелері бойынша қажетті заңнамалық түзетулерді қабылдауды қамтамасыз ету тапсырылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары