Қостанайда жаңа халықаралық әуе рейстер ашылмақ

/
Қостанайда жаңа халықаралық әуе рейстер ашылмақ
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы "Қостанай" халықаралық әуежайы

Қостанай әуежайында жолаушылар ағынының артуы байқалып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Қостанай облысы әкімінің орынбасары Берік Танжарықов мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол атап өткендей, егер 2022 жылы бұл көрсеткіш 295 мың адам болса, 2025 жылы ол шамамен 450 мың адамға жетті.

«Биыл жолаушылар ағыны 500 мың  адам болады деп күтіп отымыз. Астана мен Алматыға рейстердің жиілігі артты, мамыр айынан бастап жыл бойғы Қостанай-Шымкент рейсі іске қосылды, Мәскеу мен Мысырға рейстер орындалуда.  Маусым айынан бастап Қостанай-Ташкент халықаралық рейсін ашу жоспарлануда. Фукуок, Нячанг, Стамбул сынды жаңа туристік бағыттар да қарастырылуда», — деп қосты Берік Танжарықов.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары