«Қазпошта» АҚ 2025 жылды табыстың 25%-дан астам өсімімен аяқтады

/
«Қазпошта» АҚ 2025 жылды табыстың 25%-дан астам өсімімен аяқтады
«Қазпошта» АҚ

«Қазпошта» АҚ ұлттық логистикалық желіні жаңғырту жөніндегі ауқымды инвестициялық бағдарлама аясында активтер мен операциялық табыстың айтарлықтай артқанын көрсете отырып, 2025 жылғы қызметінің қорытындыларын жариялайды, деп хабарлайды turkystan.kz.

QazPost-тың қаржылық есептілігіне аудитті аудиторлық-консалтингтік компаниялардың «Үлкен төрттігіне» кіретін халықаралық ірі KPMG компаниясы жүргізгенін атап өту қажет.

2025 жылдың қорытындысы бойынша компанияның жиынтық кірісі 133,6 млрд теңге болды, бұл кіріс 106,6 млрд теңге болған 2024 жылғы көрсеткіштен айтарлықтай жоғары. Осылайша өсім 25 %-дан асты, бұл компанияның логистикалық, қаржылық және e-commerce сервистеріне деген тұрақты сұранысты растайды.

Әлеуметтік функцияны орындауға және кең аймақтық желіге қызмет көрсетуге байланысты шығыстарға түсетін қысымның сақталуына қарамастан, «Қазпошта» еліміздің ірі инфрақұрылымдық операторы ретіндегі позициясын сақтап келеді.

Мерзімді баспасөз басылымдарын жеткізу, әсіресе ауылдық елді мекендерге жеткізу қаржылық нәтижеге салмақ түсіретін негізгі факторлардың бірі болып қала береді. Компания тіпті әлеуметтік тұрғыдан тиімсіз бағыттарда да пошта қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз етуді жалғастыруда. Қазіргі кезде аудан орталықтары мен ауылдық бөлімшелер арасында 1000-нан астам бағыт жұмыс істейді, оларға аптасына кемінде екі рет қызмет көрсетіледі.

2025 жылдың қорытындысы бойынша компания 245 млн теңгеден астам мөлшерде таза кіріс алды. Осы орайда 2025 жыл ішінде инфрақұрылымды, логистиканы ұстаудың жоғары құнына және ҚР бүкіл аумағында пошта, қаржы және логистикалық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша мемлекет қойған стратегиялық міндеттерді орындауға байланысты шығыстар жұмсалды.

Сонымен қатар компания желіні жаңғыртуға инвестиция салуды жалғастыруда. 2025 жылы объектілерді күрделі жөндеуге және автопаркті жаңартуға шамамен 2,6 млрд теңге бағытталды, бұл соңғы жылдардағы компания инфрақұрылымын дамытуға салынған ең ірі инвестиция көлемдерінің бірі болды.

Сондай-ақ «Қазпошта» АҚ электрондық коммерция, логистика және қаржылық сервистер бағыттарын белсенді дамытуда. Компания цифрлық трансформацияны жалғастырып, маркетплейстермен серіктестікті кеңейтеді және жеткізу нарығындағы позициясын нығайта түсуде.

«Қазпошта» АҚ квазимемлекеттік сектор субъектісі бола отырып, бір мезгілде:

  • Ұлттық пошта операторы;
  • Халықаралық міндеттемелер шеңберіндегі тағайындалған оператор;
  • Электрондық сауда операторы (пилоттық жоба іске асырылды);
  • Ауылдық жерлердегі банктік қызметтер провайдері тәрізді қоғамдық маңызы бар функцияларды орындайды.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары