ҰБТ-дан 140 ұпай жинаған тараздық түлекке пәтер сыйланды (ВИДЕО)

/
ҰБТ-дан 140 ұпай жинаған тараздық түлекке пәтер сыйланды (ВИДЕО)
жеке парақшасынан

Тараздағы дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Нұрғанат Бахытжанұлы ҰБТ-дан 140 ұпай жинап, үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Талапкерді ҰБТ-ға дайындаған білім беру орталығы ерекше жетістігі үшін оған үш сыйлықтың бірін таңдау мүмкіндігін ұсынған. Атап айтқанда, бизнес-кластағы пәтер, Mercedes E-Class автокөлігі немесе 50 миллион теңге көлеміндегі ақшалай жүлде.

Сонымен қатар, орталық Нұрғанатқа жоғары оқу орнында оқитын төрт жыл бойы ай сайын 140 мың теңге көлемінде шәкіртақы төлейді. Ал оның ата-анасына 3 миллион теңге көлемінде сыйақы табысталады.

Жекеменшік білім беру орталығы мұндай жоғары нәтиже көрсеткен түлекке үш сыйлықтың бірін таңдау мүмкіндігін ұсынған. Атап айтқанда, бизнес-кластағы пәтер, Mercedes E-Class автокөлігі немесе 50 миллион теңге көлеміндегі ақшалай жүлде.

Нұрғанат 140 балл жинағаннан кейін пәтерді таңдаған. Бүгін Алматы қаласында оған жеке білім беру орталығы салтанатты түрде пәтер кілтін табыстады.

Жамбыл облысы білім басқармасының мәліметінше, ол – тарих пәнінен 4 дүркін республикалық пәндік олимпиаданың жеңімпазы, «Ой шебері» зияткерлік байқауының І орын иегері. Сондай-ақ, «Хабар» арнасында көрсетілетін республикалық «XXI ғасыр көшбасшысы – 2026» зияткерлік байқауының жеңімпазы атанған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары