Іле Алатауы ұлттық паркіндегі вандализм: кінәлілер анықталды

/
Іле Алатауы ұлттық паркіндегі вандализм: кінәлілер анықталды
Lada.kz

Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы Бутаков шатқалында оқушылар жартасты бүлдіріп кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Олар Бутаков сарқырамасы маңындағы тастарға жазу жазған. Ұлттық парк қызметкерлері тәртіп бұзғандарды дереу анықтады.

"Кінәлілер "Gemini Education" білім орталығының оқушылары болып шықты. Әңгімелесу барысында оқушылар мұндай әрекеттің орынсыз екенін түсініп, аумақты тазалау жұмыстарына қатысты. Олар тастардағы жазуларды толық өшіріп, табиғи нысанға келтірілген зиян үшін кешірім сұрады", - деп жазылған ұлттық парктің баспасөз хабарламасында.

Ұлттық парк өкілдері табиғи аумақтар баршаға ортақ байлық екенін еске салып, тұрғындар мен туристерді табиғатты аялауға және ерекше қорғалатын аумақтардың ережелерін сақтауға шақырды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары