«Сотта дәлелдеп бересің!»: Баян Алагөзова жазушының сынына жауап берді

/
«Сотта дәлелдеп бересің!»: Баян Алагөзова жазушының сынына жауап берді
Коллаж: turkystan.kz

Продюсер Баян Мақсатқызы жазушы Серік Сыбанбайдың айтқан сынына жауап берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жазушы желіде Баян Мақсатқызын қазақ тілді қазақтарды «жек көреді» деп жазған. 

Осыдан кейін продюсер Instagram желісіндегі парақшасында бірнеше мәлімдеме жасап, өзіне тағылған айыптардың шындыққа жанаспайтынын айтты.

«Егер сіз менің әкемді құрметтесеңіз, мұндай жиіркенішті жалған сөзді ешқашан айтпас едіңіз. Мен ондай сөздерді ешқашан айтқан емеспін, енді оны сотта дәлелдеуге тура келеді!», – деп жазды ол.

Баян Мақсатқызы соңғы уақытта өзін негізсіз қаралайтын адамдар көбейгенін де атап өтті.

«Менің атымды қаралағысы келетіндер қаншама, өздері ешқандай жақсы дүние жасай алмайтындар қаншама?!», – деді продюсер.

 
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары