Көкшетауда ақауы бар паромнан 25 адам құтқарылды

/
Көкшетауда ақауы бар паромнан 25 адам құтқарылды
ТЖМ

Көкшетау қаласында құтқарушылар ақауы бар паромнан 25 адамды, соның ішінде балаларды эвакуациялады, деп хабарлайды turkystan.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram арнасындағы ақпаратқа сәйкес, Көкшетау қаласы Қопа көлінің акваториясын патрульдеу кезінде құтқарушылар жағалаудан 700 метр қашықтықта жолаушылары бар паромды байқаған. Белгілі болғандай, паромның ақауы бар болып шыққан.

ТЖМ қызметкерлері дереу құтқару жұмыстарына кірісті. Құтқарушылар 25 адамды, оның ішінде 10 баланы жағаға жедел эвакуациялап, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

Эвакуацияланған азаматтарға медициналық көмек қажет болған жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары