Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жұбайы бесінші сәбиін өмірге әкелгенін хабарлады

/
Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жұбайы бесінші сәбиін өмірге әкелгенін хабарлады
ашық дереккөзден

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жұбайы Гүлайым Рахмонова отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол Instagram парақшасына жаңа туған сәбидің суретін жариялап, бесінші баласын өмірге әкелгенін хабарлады.

Айта кетейік, бұған дейін Гүлайым Рахмонованың бесінші сәбиіне жүкті екені белгілі болған еді. Алайда ол нәрестенің жынысы, нақты қашан дүниеге келгені және есімі туралы әзірге мәлімет берген жоқ.

Еске салсақ, біраз уақыт бұрын Гүлайым Рахмонова Шавкат Рахмоновпен ажырасып кеткенін айтқан. Сондай-ақ ол спортшының өзін неке шартын жасауға көндіргенін мәлімдеген еді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар