"Сүйінші, ағайын": Әнші Әділ Сламхан қуанышты хабарын елге жеткізді (ВИДЕО)

/
"Сүйінші, ағайын": Әнші Әділ Сламхан қуанышты хабарын елге жеткізді (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Танымал әнші Әділ Сламхан мен Дана Маханбаева отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иелерінің ұлы Абылай Назарбаев зияткерлік мектебіне грантқа оқуға түскен. Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Сүйінші ағайыыыыын! Абылайымыз НЗМ-ге грантқа түсті. 1300 балмен. Аллаға шүкір, тәуба, осы күнге жеткізген. "Көп тілегі – көл" деген... Қаншама халық тілек жазған еді! Мың алғыс! Ал құттықтаулар қабылданады. Осы сәтті түсімде көрген едім... Қуанышымызда шек жоқ! Сіздерге де осындай қуаныш жұғысты болғай", – деп жазды ол.

Желі қолданушылары жұлдызды жұпты қуанышымен құттықтап, ұлдарына сәттілік тіледі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары