216
Соғыс ардагерлеріне 500 мың теңге сыйақы беріледі
Соғыс ардагерлеріне 500 мың теңге сыйақы беріледі
Шығыс Қазақстан облысында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне Жеңіс күнінде 500 мың теңге сыйақы берілетін болды. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов Зырьян ауданына жасаған жұмыс сапары кезінде айтты деп хабарлайды egemen.kz.
"Ат төбеліндей аз қалған ардагерлерді ардақтамағанда басқа кімге құрмет көрсетеміз? Майданда қан кешкен қарияларымыз бұл сыйақыны бүгінгі бейбіт күнде өздерінің ұл-қыздары, немерелері мен шөберелерінің игілігіне жұмсап жатса, жақсы емес пе?", – дейді аймақ басшысы.
Бүгінде Шығыс Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 330 ардагері тұрады.