Шығыс Қазақстан прокуратурасы мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғады

/
Шығыс Қазақстан прокуратурасы мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғады
istockphoto.com

Шемонаиха ауданының прокуратурасы жүргізген талдау нәтижесінде, бүгінгі таңда ауданда 1437 мүмкіндігі шектеулі жан тұратыны анықталды. Оның ішінде 155 бала бар. Кейбір азаматтар гемодиализ алуға мұқтаж, бұл іркіліссіз және сапалы көлік қатынасын талап етеді , деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұған дейін жұмыс істеп келген «Инватакси» қызметінің иелігінде небәрі 3 мамандандырылған көлік болған. Бұлхалықтың нақты қажеттілігін өтеу үшін жеткіліксіз екені белгілі болды. 

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша әкімдік «Инватакси» мамандандырылған автопаркін 10 бірлікке дейін кеңейту шараларын қабылдады. Аудан тұрғындары арасында көлік қызметтерін алу тәртібі мен құқықтарын түсіндіру бойынша атаулы жұмыстар жүргізілді.

 Қабылданған шаралар халықтың әлеуметтік осал топтары үшін медициналық және әлеуметтік көмектің қолжетімділігін арттырып, емдеу мекемелеріне уақытылы бару мүмкіндігімен қамтамасыз етілді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары