Ақтауда суға батып кете жаздаған екі жасөспірімді тұрғындар құтқарып қалды

/
Ақтауда суға батып кете жаздаған екі жасөспірімді тұрғындар құтқарып қалды
pexels.com

Ақтауда екі жасөспірім суға батып кете жаздап, оларды оқиға куәгерлері құтқарып қалды, деп turkystan.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 4-шағынаудандағы теңіз жағалауында болған. Куәгерлердің бірі жағдайды видеоға түсіріп, жергілікті тұрғындарға ескерту жасаған.

"Шомылу маусымы басталып кетті. Мына екі жігіт аз ғана уақыт бұрын суға кетуге шақ қалды. Біз оларды әрең шығарып алдық. Тағы сәл кешіккенде қайғылы жағдай болуы мүмкін еді", – деген ол.

Сондай-ақ ер адам тұрғындарды сақ болуға шақырып, мұндай сәтте көмек әрдайым жанынан табыла бермейтінін ескерткен.

Өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бұл оқиға бойынша "101" және "112" нөмірлеріне ешқандай қоңырау түспеген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар