Қарағандыда теміржол вагондары өртенді

/
Қарағандыда теміржол вагондары өртенді
Фото: AstanaTV

Қарағанды қаласындағы жеке көлік компаниясының аумағында 6 мамыр күні өзара тіркеліп тұрған, пайдаланудан шығарылған үш жолаушылар вагоны өртенді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өрт 120 шаршы метр аумақты шарпып, вагондардың ішкі жабдықтарын толықтай жойған.

Құтқарушылар өртті жедел түрде оқшаулап, жалынның ары қарай таралуына жол бермеген. Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

«Сағат 12:29-да Қарағанды қаласындағы Новосёлов көшесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына барған кезде көлік компаниясының аумағында пайдаланылмайтын үш жолаушылар вагонының жанып жатқаны анықталды. Өрттің жалпы аумағы 120 шаршы метрді құрады. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», — деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары