Астанада жоғалып кеткен 16 жастағы қыз табылды

/
Астанада жоғалып кеткен 16 жастағы қыз табылды
polisia.kz

Астанада полиция кәмелетке толмағандар арасында өз бетінше үйден кету мен хабар-ошарсыз жоғалу деректерінің алдын алу мақсатында тұрақты түрде профилактикалық жұмыстар жүргізіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жыл басынан бері "102" арнасына кәмелетке толмағандардың жоғалуы мен үйден кетуіне қатысты 700-ден астам хабарлама түскен. Полицияның жедел әрекетінің арқасында олардың барлығы қысқа мерзімде табылып, заңды өкілдеріне табысталған.

Осындай жағдайлардың бірі Астанада тіркелді. Қала тұрғыны 16 жастағы қызының жоғалып кеткенін хабарлаған. Алдын ала мәлімет бойынша жасөспірім күндіз үйден телефонымен шығып, қайта оралмаған. Іздестіру нәтижесінде қыз келесі күні қаладағы пәтерлердің бірінен табылып, ата-анасына тапсырылды.

Полиция ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне мұқият болуға шақырады. Балалардың қайда жүргенін бақылап, байланыста болу және үйге қайту уақытын алдын ала келісу маңызды. Бала жоғалған жағдайда дереу "102" нөміріне хабарласу қажет.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар