Мемлекет басшысы Томас Прамотедхамды «Достық» орденімен марапаттады

/
Мемлекет басшысы Томас Прамотедхамды «Достық» орденімен марапаттады
Ақорда

Президент Smart City жобасын жүзеге асыруға және екіжақты ықпалдастықты дамытуға үлес қосқаны үшін Томас Прамотедхамды ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Presight AI басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады.

Президент мейманға ілтипат көрсетіп, Presight AI компаниясымен ынтымақтастық жоғары деңгейде екенін атап өтті. Сондай-ақ кәсіпорынның еліміздегі жасанды интеллект саласындағы шешімдерді дамытуға зор үлес қосып келе жатқанына ризашылық білдірді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары